Ресейде 28 адам алкогольдік сусыннан уланып, мерт болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 28 адам алкогольдік сусыннан уланып, мерт болған

07.06.2023

Ресейде «Мистер сидр» атты құрамында алкоголі бар сусыннан адамдар жаппай уланып жатыр. Соңғы ақпараттарға сай, уланып қайтқандардың саны 28-ге жеткен. Осыны ескерген Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі аталған сусынды ел аумағында сатуға тыйым салды.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ СЭБК жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

Комитет мән-жай анықталғанға дейін жоғарыдағы өнімді пайдалануға бас тартуға және мұндай өнімді сатылымда бар жағдайлары туралы комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабар таратуға шақырады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу