Бангладеште аптап ыстықтан бастауыш мектептер жабылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште аптап ыстықтан бастауыш мектептер жабылып жатыр

07.06.2023

Бангладеште аптап ыстықтан бастауыш мектептер жаппай жабылып жатыр. Сонымен қатар тұрғындардың көбі ауа баптағыш қосқандықтан, энергия жүйесі істен шығып, жарық жиі өшетін болды.

Ауаның температурасы 40 градустан төмендемей тұр. Бангладеш метеорология департаментінің дерегінше, ыстықтың беті қашан қайтатыны белгісіз. Ал ғалымдардың ойынша, ыстықтың ұзаққа созылуына жаһандық климаттың өзгеруі де себеп болып отыр. Электр қуаты тапшылығы, ел экспортының 80 пайызын құрайтын киім фабрикаларының да жұмысын тежеп отыр. Мұның салдарынан Бангладештің онсызда ортайып бара жатқан валюталық резерві тіпті азайып, қымбатшылық белең алуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу