Елімізде алғаш рет аутизм диагнозы бар жасөспірімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды
Елімізде алғаш рет аутизм диагнозы бар жасөспірімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды. Астана қаласында орналасқан мекеме 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Оларға мамандар компьютермен жұмыс істеуді, аспаздық, тігін, қолөнер және сурет салуды үйретіп, тіл курстарын өтеді. Осылайша, аутист балалар түрлі мамандыққа бейімделеді. Орталықта фитнес залы мен үстел теннисі бөлімі бар. Бұл үйірмелерге Астанадағы 120 жасөспірім тегін қатыса алады.
Гүлжазира Бекішева, ата-ана:
Мысалы, менің балам компьютерге жақсы. Енді оны осы жерден әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, басқа балаларда өзі қай салаға жақын, қай өнерге жақын, ол спорт бола ма, ол сурет бола ма немесе тамақ жасау, аспаз өнеріне ме, сондай түрлі өнер үйренуге осы жерде мүмкіндік жасап отыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41