Еліміздің атын әлемге танытып, ерекше ерлігімен көзге түскен бірнеше қазақстандық «Жыл патриоты» атағын алды. Рәміздер күні қарсаңында әр түрлі номинация бойынша 12 адам марапатталды. Атап айтқанда, спорт саласынан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, ғылым саласы бойынша генетикалық зерттеумен айналысып жүрген жас ғалым Мақсат Жабағин «жыл патриоты» танылды. Одан бөлек, «Ратович» атымен әйгілі жас пианист Темірлан Бейсенбай, еліміздегі нейрохурургия саласын дамытып, әлемді мойындатқан білікті дәрігер Мыңжылқы Бердіходжаев және Түркиядағы зілзадан зардап шеккендерді құтқаруға атсалысқан төтенше жағдай қызметкері де арнайы марапатқа ие болды.
Александр Адамбаев, құтқарушы:
Бұл мен үшін де, менің итім үшін де ауқымды құтқару операциясы болды. Зілзаланың салдарын теледидардан көрген бір бөлек, өз көзіңмен көрген бір бөлек екен. Көбіне итім үшін алаңдадым.
Айя Мүтәлі