«Тур Алматы – 2015» жарысында Алексей Луценко топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур Алматы – 2015» жарысында Алексей Луценко топ жарды

05.10.2015
«Тур Алматы – 2015»  жарысында Алексей Луценко топ жарды

Алексей Луценко 186 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 13 минут 09 секундта бағындырып, аталған жарыстың екі дүркін чемпионы атағына ие болды. Ал, екінші орын үшін тартыста жанкүйерлер Фабио Ару мен Павел Кочетковтың спринтерлік сайысына куә болды.

Жарыс соңынан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Екінші жыл додада топ жарған Алексей Луценко 15 мың еуро иеленсе, екінші және үшінші орын алғандарға сәйкесінше 10 мың және 5 мың еуро көлемінде сыйақы берілді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу