Жерлестеріміз Азияның үздіктері атанды (ВИДЕО)

22.01.2014
Жерлестеріміз Азияның үздіктері атанды (ВИДЕО)
Азия бокс федерациясы 2013 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшылар тізімін жариялады. Аталған тізімде Мерей Ақшалов «Жылдың ең үздік ер боксшысы» атағына ие болса, «Ең жас спортшы» атағы тағы бір жерлесіміз Абылайхан Жүсіповке бұйырды.
 
Олар Азия және Әлем чемпионатында топ жарған болатын. Ал Бүкіләлемдік бокс сериясының Азиядағы үздігі болып «Astana Arlans» командасының капитаны Самат Башенов танылды. Еліміздің Бокс федерациясы «Ең үздік федерация»  атағына ие болды.

Хабарламаларға жазылу