Мәшһүр Жүсіптің шығармалар жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәшһүр Жүсіптің шығармалар жинағы жарық көрді

01.06.2023

Астанада «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол» бес томдықтың тұсаукесері өтті. Кітап ақынның 165 жылдығына орай дайындалды. Жинақта ғұламаның көрнекті шығармалары мәдениеттанулық зерттеулер негізінде қайта қаралып, бұған дейінгі қателіктері түзелген. Шараға мұрындық болған қоғамдық бірлестік алда осы бағыттағы жұмысын жалғастырып, бабалар мұрасын насихаттауға күш салмақ.

Нұркен Асанов, кәсіпкер:

 Бұл кітаптың басты ерекшелігі- жаңа академиялық тұрғыда басылып шықты. Яғни біздің қазіргі мақсатымыз - 100 мектеп, 100 университет, 100 мешіт, 100 ауылды мекендерге тегін тарату. Әр ұрпағымыз, әр ұстазымыз, әр ата-анамыз Мәшһүрден нәр алсын деген ниет. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу