«Алтын қалам» үздік шығармалар жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын қалам» үздік шығармалар жинағы жарық көрді

13.01.2015
«Алтын қалам» үздік шығармалар жинағы жарық көрді

Таңдамалы жинаққа  жыл сайын жарияланатын әдеби бәйгенің «Жылдың ең үздік поэзиясы», «Жылдың ең үздік прозасы», «Жылдың ең үздік драматургиясы», «Жылдың ең үздік балалар шығармасы», «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымдары бойынша жүлде алған авторлардың шығармалары енген.

Зағип жандар мен балалар түсіну үшін кітаптың аудионұсқасы жеке үнтаспа болып шықты.

Айта кетейік, «Алтын қалам» әдеби байқауы 2010 жылдың мамыр айынан бері өткізіліп келеді.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу