Астанадағы әуежай маңындағы 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген
Әуежай маңындағы 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үкімет отырысында мәлімдеді. Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам нысан салынған. Заңсыз құрылыс негізінен Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүргізілген. Премьер-министр бұл учаскелерді қайтаруды тапсырды. Сондай-ақ тозып кеткен ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізуді жүктеді. Бүгінде әуежайдағы жанармай құю машиналары секілді бірқатар арнайы техникалар әбден ескіргенін еске салды. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы әуе билеттерінің бағасына сай емес екенін атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Өкінішке қарай, авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41