Хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді
2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді. Бұл туралы бүгін өткен халықаралық хоккей федерациясының конгресінде белгілі болды. Әлем біріншілігін ұйымдастыру құқығына Қазақстан да таласты. Алайда дауыс берушілердің 75 пайызы Германияны қолдап дауыс берген. Қалған 25 пайызының таңдауы Қазақстанға түскен. Бастапқыда Норвегия да турнирді өткізуге үміткер болды, бірақ қаңтарда бұл ел өтінімді қайтарып алды. Сонымен бірге, ұлттық хоккей федерациясының өкілдері мен жанкүйерлер Финляндиядағы стадионда ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қазақстанның алып туын жайып, қолдау білдірді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мобильді аударымдар ережесі өзгерді
05.11.2025, 20:34
Тұжырымдамалық құжатта жалпыұлттық нышандардың тізімі бекітілді
05.11.2025, 20:08
Ел тарихында алғаш рет ішкі саясат саласының негізгі бағыттары мен құндылықтары бекітілді
05.11.2025, 20:03
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 17:37
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясын өткізу дәстүрге айналды
05.11.2025, 17:35
БҚО-да дропперлер жайлы дәріс-кеңес өтті
05.11.2025, 17:32
Ақмола облысында 370 келі есірткі тәркіленген
05.11.2025, 17:30
ЖИ теңіз астын тез зерттейді
05.11.2025, 17:27