Басты Жаңалықтар БҚО-да дропперлер жайлы дәріс-кеңес өтті

БҚО-да дропперлер жайлы дәріс-кеңес өтті

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 366 интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Қылмыс пен алаяққа алданып қалудың алдын алу үшін облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары студенттерге дәріс оқыды. Жастарға жеке деректі қорғау, қаржылық сауат хақында құнды мәліметтер берілді. Дропперлерге қатысты жаңа заң баптары түсіндірілді.

Әдемі Молданқызы, студент:
Қазіргі таңда алаяқтық – өзекті мәселелердің бірі. Көбіне телефон арқылы жастарымыз алданып қалып жатыр. Солардың алдын алу мақсатында осындай жиындар өткізу дұрыс деп санаймын.


Бөлісу