Ауғанстанда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды

23.12.2019

Ауғанстанда қыркүйектің 28-де өткен президенттік сайлау нәтижесі енді ғана жарияланды. Оған жүгінсек, қазіргі мемлекет басшысы Ашраф Ғани бірінші раундта 50,64 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Мұны елдің Тәуелсіз сайлау комиссиясы мәлімдеді. Оның дерегінше, дауыс беруге 10 миллионға жуық адамның 1,9 миллионы ғана барған. 

Бюллетендер қайта саналғандықтан, Ауғанстан үш ай бойы саяси дағдарыстан шыға алмады.

Ғанидің басты қарсыласы Абдулла Абдулла болса, 40 пайызға жуық дауыс жинады. Ол сайлаудың алдын-ала қорытындысымен келіспейтінін айтып, аталған комиссиядан әділдікті талап ететінін ескертіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу