Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің командалары арасында футзалдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің командалары арасында футзалдан турнир өтті

19.05.2023

Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің кәсіподақ өкілдері арасында футзалдан екінші халықаралық турнир аяқталды. Салауатты өмір салты мен аталған спорт түрін насихаттауға арналған шара екінші рет өткізіліп отыр. Бес елден келген алты команда өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңіп бірінші орынға ие болды.

Төлеген Күнәділов, Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы:

Еңбек адамдарының құрамалары келіп екі күн бойы халықаралық футзалдан турнир өтіп жатыр. Орталық Азия мемлекеттерінен кәсіподақтарының кеңесінің құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия құрамалары келіп отыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу