Астанада футзалдан Студенттік лига басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада футзалдан Студенттік лига басталды

11.03.2016
Астанада футзалдан Студенттік лига басталды

Кеше елордалық университеттер арасында футзалдан Студенттік лига ойындары басталды. Сегіз команда екі-екі матчтан өткізеді. Үздік төрт команда ақтық кезеңде шеберлік байқасады. 

Студенттік лиганың алғашқы маусымы 12 мамырға дейін жалғасады. Турнир Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтеді. Ал, финалдық кездесулерді Назарбаев Университетінде өткізу жоспарланған.

Жарысқа «Астана» медицина университетінің, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Қаржы академиясының командалары, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Назарбаев Университетінен екі-екі командадан қатысады. Әр командада 18 студент ойнайды. 

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу