Грек-рим күресінен турнирде қазақстандық балуандар үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грек-рим күресінен турнирде қазақстандық балуандар үздік атанды

18.05.2023

Қазақстандық балуандар үздік атанды. Астанада олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа алты елден 200-ге таяу спортшы қатысты. Олар өзара 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Турнирде қазақстандықтар 6 алтын, 5 күміс, 14 қола медаль жеңіп алды. Екінші орында Әзербайжан, үздік үштікті Қырғызстан құрамасы түйіндеді.

Есет Байтасов, күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары:

Бұл турнир 10 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Алдағы уақытта бұл турнирдің дәрежесін бұдан да жоғары көтереміз деген мақсатымыз бар. Бірінші орынға үш жүз мың теңге, екінші орынға екі жүз мың теңге, үшінші орынға жүз мың теңгеден жүлде қоры қарастырылған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу