Шымкент жұртшылығы чемпионды құрметпен қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент жұртшылығы чемпионды құрметпен қарсы алды

18.05.2023

Бокстан Әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырханды Шымкент қаласының жұртшылығы қошеметпен қарсы алды. Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді. Ал оның жаттықтырушысы Илияс Оралбековке 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның Қазақстан құрамасының жеңісіне қосқан үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Махмұд Сабырхан финалға дейінгі жекпе-жектерде Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңді.

Махмұд Сабырхан, Бокстан Әлем чемпионы:

Бұл Әлем чемпионатымен тоқтап қалмаймыз, босамаймыз. Алда Азия ойындары келе жатыр. Сол жерде лицензия алып, дәл осылай Олимпиада чемпионы болып, олимпиаданың медалін алып келемін деген арманым, ойым бар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу