Боливияда фермерлер жолдарды бөгеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда фермерлер жолдарды бөгеді

18.05.2023

Боливияда қант қызылшасы мен соя өсірушілер шеруге шығып, жолдарды бөгеді. Ауыл еңбеккерлері осылайша дизельдік отын тапшылығына наразылық білдіріп жатыр.

Қарсылық акциясы салдарынан автомагистральдар жабылып, жүздеген жүк машинасы мен жеңіл көлік жолда тұрып қалды. Үкімет болса жанар-жағармайды аздап беру шешімін оның контрабанда қолына өтіп кетпеуін қадағалау үшін қабылдағанын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу