Грекияда фермерлер энергия бағасының қымбаттауына наразылық білдіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда фермерлер энергия бағасының қымбаттауына наразылық білдіріп жатыр

18.02.2022

Грекияда фермерлер энергия бағасының қымбаттауына наразылық білдіріп жатыр. Олар демонстрацияға трактормен шығып, жолдарды бөгейтінін ескертіп отыр. Айтуларынша, жанармай құны өскендіктен, үкімет ауыл еңбеккерлеріне қаржылай көмек беріп, отын салығын төмендетіп, электр нарқын түсіруі керек. Бұл талаптары орындалмаса, шерушілер бүкіл ел аумағындағы автомагистральдарды жабатынын хабарлады.

Айта кетсек, бүгінде бүкіл Еуропада энергия қымбаттап отыр. Және де бұл аймақта отынмен бірге азық-түліктің бағасы да шарықтап барады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу