Қызылордада математикадан Асқар Жұмаділдаев атындағы халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Биыл екінші мәрте өткізілген білім бәйгесінде отандастарымыздан бөлек, Ресей, Қырғызстаннан да үздік жас мұғалімдер бақ сынады.
Олимпиадаға жалпы саны мыңнан аса ұстаз қатысуға ниет білдірген. Соның ішінен есеп-қисапты шемішкедей шағатын 28 жасқа дейінгі 100-ге жуық математик іріктеліп, ақтық сында сайысқа түсті. Байқауда әр қатысушы 7 есептен шығарды. Сондай-ақ жүзден жүйрік шыққандарға Асқар Жұмаділдаев әзірлеген күрделі есептің жауабын табу жүктелді. Бірақ, оны ешбірі шеше алмады. Білім додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақылар табысталды.
Асқар Жұмаділдаев, Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
Математикалық тұрғыдан айырмашылығы бір есеп бердім. Соны ешкім шығара алмады. Бірақ оған мен қайғырмаймын. Бүкіл қырғыздан, орыстан, Өзбекстаннан келді мысалы, Қазақстаннан келді. Орта есеппен қарасаң біздің балалар жаман емес.
Әділбек Серікұлы