Қызылордада Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

06.06.2023

Қызылордада белгілі ғалым, профессор Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қорқыт ата университетінде ұлағатты ұстаз есімі ұлықталып, ғылыми еңбектері кеңінен дәріптелді.

Мұстафа Матайұлы Сыр елінен шыққан тұңғыш философ ғалым. Саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған ұлағатты ұстаз университет қабырғасында 50 жыл қызмет еткен. Талай шәкіртке білім мен тәлім берген оқытушы профессордың 200-ден астам мақаласы, 15 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

Бейбіткүл Кәрімова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректор:

Мұстафа Матайұлының 90 жылдығына орай биыл Қызылорда түлектері 11 сынып оқушылары арасында осы құқықтану бағыты бойынша олимпиада өткізіліп осы олимпиада жүлдегеріне арнайы Мұстафа Матайұлы атындағы грант берілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда отандық және алыс-жақын шет елден келген ғалымдар Мұстафа Матаевтың ғылыми еңбектерін жаңа қырынан ашып, ой-пікір алмасты. Ол филология ғылымын ғана емес аймақтың іргелі оқу орнында «құқықтану» кафедрасының ашылуына да мұрындық болған.

Ерлан Алтаев, М.Матаевтың шәкірті, заң ғылымдарының кандидаты:

Ел Тәуелсіздігін алып, бір тұтастықтқы құрып жатқан кезінде елге құқық саласы мамандары керек деген оймен «Құқықтану» кафедрасын ашып, сонда еңбек еткен кісі. Жалпы Мұстафа Матайұлының 50-ден астам еңбегі бар. Біз бәріміз сол азаматтың шәкіртіміз ағайымыздың.

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді деген. Өзі еңбек еткен Қорқыт ата университетінде бүгінде Мұстафа Матаевтың есімі берілген арнайы дәрісхана бар. Бұл ұстазға деген құрмет болса, кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу