Бүгін шайбалы хоккейден топ-дивизиондағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күні. Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшілері Швейцария командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:20-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бұған дейін Ғалым Мамбетәлиевтің шәкірттері Норвегия және Чехия құраламарын жеңген. Жарыстың төртінші күні Қазақстан «В» тобының турнирлік кестесінде 2 ұпаймен бесінші орында тұр.
Асылбек Данияр
