Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

22.05.2023

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі. Бұл хоккейшілеріміздің топтық кезеңдегі соңғы ойыны. Матч елорда уақытымен 23:10-да басталады.

Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Екі құрама бұған дейін он бір мәрте кездесті. Сегіз ойында Қазақстан жеңіске жеткен. Ғалым Мамбетәлиевтің шәкірттері соңғы ойынын Латвияға қарсы өткізіп, 0:7 есебімен жеңілген. Десе де біздің құрама командамыз әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Егер бүгін ұлттық құрама командасы жеңіске жетсе, топтық кезеңді алтыншы орынмен аяқтайды. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу