Латвияда Қазақстан хоккей құрамасы тағы да жеңілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латвияда Қазақстан хоккей құрамасы тағы да жеңілді

18.05.2023

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канададан ұтылып қалды. Кездесудің 19-секундында үйеңкі жапырақты елдің өкілдері есеп ашты. Канадалықтар ұлттық құрама қақпасына 7 минут ішінде үш шайба салды. 9-минутта қазақстандық Әділ Бекетаев есепті қысқартты. Алайда, бұл ойын тағдырына әсер еткен жоқ. Қарсыластар ел құрамасының қақпасына тағы екі шайба кіргізді. Мачт 5:1 есебімен аяқталды. Енді қазақстандық хоккейшілер 19 мамырда Словакиямен кездеседі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу