Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 40 күнде кене шаққан 100-ге тарта адам тіркелді.
Олардың 40 пайызға жуығы 14 жасқа дейінгі бала. Зиянды жәндіктерді жою мақсатында облыс орталығында 600 гектарға жуық аймақ дезинсекцияланбақ. Бірінші кезекте кенелер тіршілік ететін саябақтар мен жағажайлар қамтылады.
Серік Аусатов, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Кене түрлі жұқпалы ауруларды қоздыруы мүмкін. Ең қауіптісі - кене энцефалиті. Оның алдын-алудың жолы – вакцина. Біздің өңірде екпе эндемиялық аймақ саналатын Айыртау ауданының тұрғындарына ғана салынады.
Эльмира Кәленова