Қостанай облысында 37 адамды кене шаққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 37 адамды кене шаққан

23.04.2021

Қостанай облысында 37 адамды кене шаққан. Олардың бәрі дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бірақ бойларынан инфекция табылмады. Зардап шеккендердің дені облыс орталығының тұрғындары. Қауіптің алдын алу үшін мамандар даладан кенелерді жинауға кірісті. Сөйтіп жәндіктерде қандай дерттің қоздырғышы барын анықтамақ.

Людмила Налобина, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы: 
Кене энцефалиті көрші Ресейде белең алған. Сондықтан шекарадан өткен адамдар кенені сол жақтан алып келеді. Осылайша энцефалит біздің облысқа таралып жатыр. Қостанай облысында соңғы рет сырттан әкелінген кене энцефалиті 2018-де, ал боррелиоз ауруы 2019 жылы тіркелді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу