Қазақстандық 5 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 5 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

11.05.2023

Қазақстандық 5 боксшы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Жалпы есепте ел құрамасы төртінші орында тұр. Ширек финалдың кешкі сессиясында Санжар Тәшкенбай Казума Аратакемен жұдырықтасты. Жерлесіміз жапониялық боксшыны бірінші раундта нокдаунға жіберді. Екінші раундта төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Санжар Тәшкенбай, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

Бүгін жеңіске жеттік. Полуфиналға шықтық. Қарсыласыммен екінші рет шығып тұрмын. Тренерлерімізбен тактика құрып,солардың барлығы Аллаға шүкір орындалды.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз Махмұд Сабырхан ганалық Амаду Мохаммедпен қолғап түйістіріп, айқын басымдықпен жеңді. Мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шыққан қазақстандық бокшсы Дулат Бекбауов алғашқы минуттан-ақ белсенді жұдырықтасып, қарсыласынан басым екенін дәлелдеді. Ал Қамшыбек Қоңқабаевтың ширек финалдаға қарсыласы Баходир Жалолов болды. Алғашқы екі раундта төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Үшінші раундта Қамшыбек басымдық танытқанымен, жеңіске жете алмады.

Қамшыбек Қоңқабаев, бокстан ұлттық құрама мүшесі:

Жекпе-жек өздеріңіз көрдіңіздер. Оңай болған жоқ. Бұрыңғы қарсыласым. Талай рет жұдырықтастық. Ағайлардың тактикасын орындай алмадым десем де болады.

Сонымен, жартылай финалға бес боксшымыз шықты. Жерлдестеріміздің қарсыластары да белгілі.

Айбек Намазбаев, тілші:

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалда үндістандық Дев Нишатпен жұдырықтасады. Ал Нұрбек Оралбай рингке ресейлік Имам Хатаевпен шығады. Санжар Тәшкенбайдың қарсыласы да ресейлік спортшы, өз елінің чемпионы Эдмонд Худоян. Махмуд Сабырхан кубалық Вието Сото Иосванимен, Дулат Бекбауов Грузия өкілі Гурули Лашамен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Айбек Намазбаев


Хабарламаларға жазылу