Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Күдіктінің қылмыстық әрекетін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Полиция Департаменті ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп әшкерелеген. Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Дәуренбек Әбдібек