Қостанайда пара алған кеден бекетінің басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда пара алған кеден бекетінің басшысы ұсталды

14.12.2016
Қостанайда пара алды деген күдікпен кеден бекетінің басшысы мен тағы бір қызметкері ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің айтуынша, кеден басшысы қылмыстық топ құрып әрекет еткен.
Олар азаматтардың тауарларын жылдам рәсімдеп бергені үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Бұл топқа кеден бекетінің 11 қызметкері мен 30-дан аса кәсіпкер тартылыпты.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу