Екі ардагер «Халық қаһарманы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі ардагер «Халық қаһарманы» атанды

08.05.2023

Президент жарлығымен бүгін соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Сондай-ақ майданда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденімен марапаттады. Әбдіғали Қаймолдин соғыстан кейін де мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсене араласқан. Әуелі Семей облыстық комитетінде еңбек етіп, артынша «Түрксіб» совхозы партия комитетінің хатшысы болған. Ал ардагер Иван Гапич 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу