Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев табыс етті

08.05.2023

102 жастағы майдангер Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев салтанатты түрде табыс етті. Айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды. Ардагерді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі де құттықтап, құрмет көрсетті. Ал қария ақ батасын берді.

Әбдіғали Қаймолдин, халық қаһарманы:

Халқыма тыныштық берсін! Кейінгі келе жатқан жас ұрпақ біз сияқты, мен сияқты Отан үшін адал еңбек істеуге Алла нәсіп етсін!

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу