А.Чонтей – Азия чемпионатының қола жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Чонтей – Азия чемпионатының қола жүлдегері

05.05.2023

Оңтүстік Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық додада 35 елдің зілтеміршілері бақ сынайды. Алғашқы жарыс күнінде 45 келі салмақ дәрежесінде Айнұр Әбдіхалықова мен ерлер арасында 55 келі салмақта Арли Чонтей жарыс жолына шықты. Париж Олимпиадасының ұпайлары сарапқа салынып жатқан додада Айнұр 6 -шы орын алды. Ал Арли Чонтей жұлқа көтеруде 117 келіні басынан асырса, серпе көтеруде 141 келіні бағындырды. Қос сайыс қортындысы бойынша 258 келіні еншісіне жазған ол Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, серпе көтеру бойынша алтын медаль иеленді.


Хабарламаларға жазылу