Инчхон - 2014. Бессайыстан сынға түсетін Ұлттық құрама тізімі (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон - 2014. Бессайыстан сынға түсетін Ұлттық құрама тізімі (ФОТО)

19.09.2014
Инчхон - 2014. Бессайыстан сынға түсетін Ұлттық құрама тізімі (ФОТО)

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындары басталады. Қазақстан құрамасы сары құрлықтың спортшыларын біріктіретін аталмыш додада дәстүрлі түрде үздік бестіктің қатарына енеді.

Мысалы, Қазақстан құрамасы 1994 жылы 25 алтын, 26 күміс және 26 қола жүлде иеленіп, 4-орынды иеленді.

1998 – 24 алтын, 24 күміс және 30 қола жүлде (5-орын).

2002 – 20 алтын, 26 күміс және 30 қола жүлде (4-орын).

2006 – 23 алтын, 19 күміс және 43 қола жүлде (4-орын).

2010 – 18 алтын, 23 күміс және 38 қола жүлде (5-орын).

Назарларыңызға Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз. Алдымен спорттың қазіргі бессайыс түрінен сынға түсетін Қазақстан құрамасымен таныс болыңыздар.

Қыздар

1. Еңлік Шәріп (1994 ж.т.) – спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан чемпионатының жүлдегері.

2. Арина Жиенбаланова (1992 ж.т.) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы, 2012 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (жеке), 2012 жылғы Азия чемпионы (эстафета), Әлем Кубогының финалисті.


 

3. Ксения Александрова (1991 ж.т.) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының жүлдегері, 2012 жылғы Азия чемпионы (эстафета), 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (команда).


 

4. Дарья Хальзова (1994 ж.т.) – спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының жүлдегері, 2012 жылғы Азия чемпионы(эстафета), 2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының финалисті.

 

Ерлер

 

1. Павел Ильяшенко (1990 ж.т.) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының жеңімпазы және жүлдегері, 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем Кубогы кезеңдерінің финалисті, жеке және командалық сында 2013 жылғы Азия чемпионы. 

2. Рүстем Сабирхузин (1978 ж.т.) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, командалық сында 2013 жылғы Азия чемпионы, Әлем Кубогы кезеңдерінің финалисті.

3. Андрей Солдатов (1988 ж.т.) – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, командалық сында 2013 жылғы Азия чемпионы, Әлем Кубогы кезеңдерінің финалисті.

4. Владислав Сухарев (1994 ж.т.) – спорт шебері, Қазақстан чемпионаты мен Кубогының, ҚСҚФ біріншіліктерінің жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық турнирлердің жүлдегері, 2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы.

 

sk-sport.kz

Хабарламаларға жазылу