Риддер қаласында жылыту маусымы аяқталды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бірақ соған қарамастан қалада төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ. Бұл туралы шаһар әкімінің міндетін атқарушы Дархан Қосантаев мәлімдеді. Мамандар Риддердегі жылу желілерінің 89 пайызы тозғанын анықтаған. Биыл жаз бойы жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қалаға төтенше жағдай режимі «Риддер Жылу Электр Орталығынана» иелік еткен монополистердің стратегиялық нысанды басқаруға қабілетсіздігі кесірінен енгізілген болатын. Әкімдік жағдайға араласып, бақылау жүргізе алады. Сондықтан төтенше жағдай режимі алынбай отыр. Ал мамырдың 10-нан бастап Риддерде ыстық су өшіріледі.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05