Ресейде мемлекеттік қаражатқа оқыған студенттер жолдамамен жұмыс істеуге міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде мемлекеттік қаражатқа оқыған студенттер жолдамамен жұмыс істеуге міндеттеледі

04.05.2023

Ресейде мемлекеттік қаражатқа оқыған студенттерді 3 жыл мамандығы бойынша жолдамамен жұмыс істеуге міндеттемек. 

Индира Бегайдар, тілші:

Бұл үшін «Білім туралы» заң жобасына өзгерістер енгізілмек. Әр оқу орнынының жанынан арнайы комиссия құрылады. Жас маманнның қай өңірге жіберілетінін комиссия шешеді. Оқу орнын бітіруші жұмыстан бас тартса, онда оқуға кеткен шығынның барлығын мемлекет қазынасына қайтаруы тиіс. Заң жобасы күшіне енсе, оқу ақысы қымбаттайды дейді мамандар.

Айта кетейік, Ресейде 70 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. «Жолдамамен 3 жыл жұмыс істеу туралы міндеттеме шетелдіктерге қатысты болмайды»,-дейді Дума депутаттары. Ал көрші елдің үкіметі біздің студенттерге берілетін квота санын тағы 700-ге ұлғайтты. 

Хабарламаларға жазылу