Биыл медициналық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер өңірлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл медициналық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер өңірлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті

26.07.2019

Биыл медициналық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер заң бойынша өңірлерге барып, 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Алайда интернатура бітірген кейбір түлектер оқуын резидентурада жалғастырғысы келетіндерін айтып, бұл талаппен келіспейтіндерін жеткізді. Себебі резидентураға түспеген түлек, нақты салалық дәрігер мамандығын ала алмайды.

Биыл Астана медицина университетінің интернатурасын 700-дей түлек бітірген. Оның 20 пайызы  ақылы бөлімде оқыған. Қалғаны жолдамамен жұмыс істеуге міндетті грантпен оқыған түлектер. 

 

Айдос Бекабат, ЖОО бітіруші түлек:

Түркістан облысына өзімнің еліме кетпекшімін. Ата-анамның қасында болып, сол кісілердің үмітін ақтауға және сол елдегі туған- туыстарыма, еліме қызмет етуге аттанбақшымын.

 

Алайда бұл тәртіппен келіспейтіндер де бар. Мысалы, біз сұқбаттасқан мына бір топ студент нақты салалық дәрігер атанғаннан кейін ғана ауылға барамыз дейді. Ол үшін резидентураға түсуі керек.  Ал  резидентураға биыл грант аз, ақылы қабылдау да тоқтатылған. .

 

Еркебұлан Жұмағұлов, ЖОО бітіруші түлек:

 Мен жалпы дәрігерлік практика дәрігерімін. Ары қарай мен неше жыл бойы ауруханаға барып, мамандығым бойынша үйреніп жүрмін. Ауылда 3 жыл емес, 5, 10 жылға баруға дайынбыз.

 

700 түлектің қазірдің өзінде 200-ден астамы жолдамамен аймақтарға аттанған. Қыркүйекке дейін Резидентураға түсе алмаған тағы 150 дей маман өңірлерге баруға міндеттеледі. Министр мұны маман тапшылығымен байланыстырды.

 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мемлекет қаржысына оқыдыңыз ба, оны жұмыс істеп өтеуіңіз керек. Біз нарықтағы кадр мәсілесін алдын ала талдап отырамыз. Бейінді дәрігерлерді шамадан тыс даярлаудың не қажеті бар. Сіздер ертең мемлекет қаржысына оқып алып, жеке клиникаларға кеткілеріңіз келеді. Олай болса. о бастан ақылы негізде оқу керек.

 

 Астанадағы медищина университетінің су жаңа ректоры, литваның экс-білім министрі Дайнюс Павалкис бұл мәселенің өз елінде қалай шешілгенімен бөлісті.

 

Дайнюс Павалькис, «Астана медицина университеті» АҚ ректоры:

Литвада да осындай мәселе болды. Біз одан өттік. жергілікті әкімдер аурухана ашты ма, оны маманмен қамтуды  ойластыруы керек. Маман жоқ болса, аурухана ашудың не қажеттілігі бар. Бізде бұл жұмысты ұйымдастыра алмаған әкім қызметінен кетіп, басқасы сайланады.

 

Министрлік биыл резидентураға берілетін грантты азайтқанымен,  жаңа «отбасылық дәрігер» мамандығына басымдық берген. Алайда  нақты сала дәрігері болуды қалаған түлектердің бұл мамандыққа да барғысы жоқ.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу