Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды. Ол елдің оңтүстік-шығысындағы Габар тауында анықталған. Мұны осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа кеніштің өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельге бағаланып отыр. Сонымен қатар, ондағы энергетикалық шикізаттың сапасы жоғары екені айтылды. Бұған қоса, қазір осы көмірсутегіні мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Арай Төлегенқызы