Қостанай облысында орман өртіне қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында орман өртіне қатысты сот басталды

03.05.2023

Қостанайдағы Әулиекөл ауданында былтыр болған алапат орман өртіне қатысты сот басталды. Айыпталушы 2019-2022 жылдары «Басаман» орман шаруашылығының директоры міндетін атқарған Асқат Жәкішев. Оған қызметін асыра пайдаланды, жауапсыздық танытты, салдарынан Әуликөлдегі орман өртіне жол берді деген айып тағылып отыр. Прокурордың айтуынша Жәкішев қызметке кіріскен кезінен бастап бас пайдасы үшін ағаш кесуге учаскелерді заңсыз беріп келген. Бұл әрекетін өрт қаупі басым кезде де тоқтатпаған. Банктегі есеп-шотына 3 жылда 15 миллион теңгеден аса қаржы түсіпті. «Ал осыған дейін Әулиекөл аудандық соты орман өртінің тұтануына кінәлі деп таныған механизатор Александр Рапейко ісіне де Асқат Жәкішевтің қатысы бар. Себебі бұл кезде бесінші деңгейлі өрт шығу қаупі туындағандықтан орман ішінде қандай да жұмыс түрін жүргізуге тиым салынуы тиіс еді. Соны біле тұра бұрынғы директор салғырттық танытқан»-дейді айыптаушылар. Күдікті өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Сот әлі жалғасады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу