Албанияның оңтүстігінде алапат орман өрті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияның оңтүстігінде алапат орман өрті басталды

27.07.2023

Албанияның оңтүстігінде алапат орман өрті басталды. Тілсіз жаумен 100-ден аса өрт сөндіруші маман күресіп жатыр. Тікұшақтар мен әскери көліктер де тартылған. Соңғы апталарда бұл аймақта төтенше жағдай жиілеп кетті. Бұған фермерлердің қатысы болуы мүмкін. Себебі көптеген шаруашылықтар егін екпес бұрын арамшөп пен өзге де қалдықтарды өртейді. Орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 14 адам ұсталған.   


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу