Голливуд сценаристері 15 жылда алғаш рет ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливуд сценаристері 15 жылда алғаш рет ереуіл жариялады

03.05.2023

Голливуд сценаристері 15 жылда алғаш рет ереуіл жариялады. Олардың басты талабы - жалақыны көтеру. Американың сценаристер бірлестігі осы мәселе бойынша «Walt Disney», «Netflix» тәрізді киностудиялармен келіссөз өткізді. Алайда олар ортақ мәмілеге келе алған жоқ. Сценаристер бірлестігіне Нью-Йорк, Лос-Анджелес пен АҚШ-тың өзге де қалаларында жұмыс істейтін 11 мыңдай сценарий авторы мүше. Олар талаптары орындалмайынша, жиі пикетке шығуға бел буып отыр. Голливуд сценаристерінің бұған дейінгі ереуілі 100 күн бойы жалғасып, Калифорния экономикасына 2 млрд доллардан астам шығын әкелген еді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу