Испанияда Ryanair әуекомпаниясының бортсеріктері ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда Ryanair әуекомпаниясының бортсеріктері ереуіл жариялады

01.07.2022

Испанияда Ryanair әуекомпаниясының бортсеріктері ереуіл жариялады. Олар үш күн бойы жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Кәсіподақтардың мәлімдеуінше, ирландиялық әуе компанияның жергілікті еңбек заңдарына бағынбауы наразылық тудырған. Басты талап - ең төменгі жалақыны өсіру, еңбек ету жағдайларын жақсарту. Бұдан бөлек, Easyjet әуе компаниясының бортсеріктері де 9 күндік ереуіл жарияламақ. Олар еңбекақының 40 пайызға өскенін қалайды. Ереуіл саяхатшылардың көбеюімен тұспа-тұс келіп отыр. Одан әуежай жұмысында біраз қиындықтар туындады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу