Елімізде жаңа кен орындарын игеруге 13 млрд доллар жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа кен орындарын игеруге 13 млрд доллар жұмсалады

27.04.2023

Елімізде жаңа кен орындарын игеруге 13 миллиард доллар жұмсалады. Энергетика министрлігі қаржының ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары аясында бөлінетінін хабарлады. Жалпы, төрт жаңа кен орнын игеру көзделген. Инвестор бар. Осы арқылы бюджет түсімі артып, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Әрі өзге кен орындарын барлау қатар жүріп жатыр. Өйткені Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтағы қор 40 жылда сарқылады деген болжам бар.  

Хабарламаларға жазылу