Қашаған мен Қарашығанақ операторларына шағым түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашаған мен Қарашығанақ операторларына шағым түсірді

11.04.2023

Қазақстан үкіметі елдегі ең ірі Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеріп отырған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Мұны Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев растады. Сот арқылы 16,5 млрд доллар өндіріп алмақшы. Үкімет екі жоба серіктесін де тендер рәсімдерін бұзды деп айыптаған. Талап 2010-2019 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

PSA компаниясы Үкіметтің уәкілетті органы ретінде Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Менің пікір айтуға құзыретім жоқ. Жалғыз айта алатыным, бұл талап-арыздар халық мүддесіне сай беріліп отыр. Талаптың сомасы 3,5 және 13 миллиард доллар көлемінде.


Хабарламаларға жазылу