«Qazsport» арнасында «Super Bol!» шоуының екінші маусымы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» арнасында «Super Bol!» шоуының екінші маусымы басталады

27.04.2023

Жуырда «Qazsport» телеарнасынан «Super Bol!» реалити-шоуының екінші маусымы эфирге шығады. Жобаға 16-24 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Олар Қазақстанның 14 қаласында өтетін кастинг арқылы іріктеледі. Бұл іріктеу 4 мамырда Ақтаудан басталады. Мегажобаның алғашқы маусымына 6 мыңдай адам қатысып, 22 үздік ойыншы таңдалған. Олар кәсіби клубтармен келісімшарт жасасу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаның бірінші саны екінші маусымда эфирге шығады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу