«Super Bol» реалити-шоуы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Super Bol» реалити-шоуы мәресіне жетті

22.08.2022

Qazsport телеарнасында 9 шілде күні эфирге жол тартқан Super bol реалити-шоуы мәресіне жетті. «Астана арена» стадионында өткен қорытынды матчы ел бірінші лигасының кәсіби клубы «Жеңіс» командасымен өтіп, ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында «Super Bol» сұрмергендері мүлт кетпей, жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, мегажобының кастингіне еліміз бойынша барлығы 6 мыңнан астам әуесқой футболшы қатысты. Олардың 25-і финалға іріктеліп, кәсіби клубтармен келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие болды.


Хабарламаларға жазылу