Опера әншісі Азамат Жылтыркөзов «Bravo» сыйлығына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Опера әншісі Азамат Жылтыркөзов «Bravo» сыйлығына ие болды

26.04.2023

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Азамат Жылтыркөзов классикалық өнер саласындағы «Bravo» сыйлығының иегері атанды. Ол «Әріптес елдің жыл орындаушысы» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Мәскеудегі Үлкен театрдың тарихи сахнасында лауреатқа алтын скрипка кілті табысталды. «Bravo» 2017 жылдан бері беріледі. Халықаралық бәйгеде жеңімпаздарды анықтаудың негізгі шарты - классикалық музыка саласындағы номинанттардың орындаушылық шеберлігін көрермендердің бағалауы. Биыл жарысқа 10-нан астам мемлекет өкілі қатысқан.

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі:

Бұл тәуелсіз сыйлық. Бұл сыйлыққа ешкім ешкімді ұсынбайды. Ұйымдастыру комитетінің өз еріктеріменен, өз іріктеуімен әртістердің қаншалықты елінде танымал, қаншалықты прессада танымал, қаншалықты концерт берді, соның бәрін іріктей отырып, осы сыйлыққа ұсынылады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу