Өскеменде бес қабатты үйдің екінші қабатынан өрт шықты. Екі бөлмелі пәтерде тұтанған от бірден жоғарғы қабаттағы балкондарды шарпып, кіреберісті қою түтін басқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел түрде үйдегі тұрғындарды эвакуациялады. Өрт басталғанда кіреберісте қалып қойған 5 азамат құтқарылды. Одан соң өрт сөндірушілер пәтерлерде қалған тағы 7 адамға көмектесті. Ал өрт шыққан пәтердегі 70 жастағы қария күйіп қалған. Оған жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, емханаға жеткізді. Жалпы, жалын бес қабатты үйдің 55 шаршы метрін шарпыған. Тілсіз жаудың кесірінен 5 балкон бүлінді. Алдын ала болжам бойынша өрт темекі тұқылынан тұтанғанған.
Олжас Керейхан