Теміртауда көпқабатты үйден өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда көпқабатты үйден өрт шықты

22.02.2021

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 6 адам құтқарылды. Олардың екеуі балалар. Тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің 8 шаршы метр аумағын шарпыған. Еден мен ағаш қабырғалар жанып, оттың қызуы өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алданыш Рахтаев, Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командирінің орынбасары:
Алғашқы әрекеттер тұрғындарды эвакуациялауға, іштегілерді құтқаруға бағытталды. Өртті сөндіру қатты түтінмен және жоғарғы температурамен қиындады. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу