Қарағанды облысында тұрғындар малын өзеннің арғы бетіндегі өріске өткізе алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында тұрғындар малын өзеннің арғы бетіндегі өріске өткізе алмай отыр

25.04.2023

Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданына қарасты Сұрыптау станциясының тұрғындары қолдағы азын-аулақ малын өзеннің арғы бетіндегі өріске өткізе алмай отыр. Өткен жылы мамандар тасқынның алдын алу мақсатында мұндағы Солонка өзенінің арнасын тереңдетіп қазып тастаған. Соның салдарынан төрт түліктің жайылымға баратын жолы жабылды. Онсыз да қыстан көтерем шыққан мал әлі қорада тұр. Арғы бетке өту үшін айналма жолмен 18 шақырым жүру керек екен.

Гүлзира Сағындық, Сұрыптау станциясының тұрғыны:

Арғы бетке өтетін ешқандай мүмкіншілік жоқ. Тұяқты мал өзіне жол салып алады. Сол жолмен кете береді олар. Былтырғы жүрген жолына қарай барып, өтемін деп талай мал суға ағып кетіп жатыр.

Халық арасында «Жұмыскер» деп аталып кеткен бұл елді-мекенде қазір 700-ге жуық отбасы тұрады. Жергілікті жұрт биліктен көпір салып беруді сұрап отыр.

Қойшыбай Сүлейменов, Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары:

Көпір жағынан, специалистерді алып, оны барып қарау керек. Мысалы үшін комиссияға төтенше жағдай адамдарын аламыз, жобалау институтының адамдарын аламыз. Барлығымыз сол жерге барып, қарастырып, бір шешімге келуге тырысамыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу