Ақтөбеде Тақия-fest өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Тақия-fest өтті

24.04.2023

Ұлттық киім ұлықталған күн! Ақтөбеде «Тақия fest» деп аталған шара өтті.

Көрмеге жас келіндерге арналған киімдер де қойылған. Шеберлер сүйретпе мен күнделікті киюге арналған аяқ киімдерді де қолдан тоқыған. Бұл бұйымдарға сұраныс жоғары дейді. Өйткені халықтың қолөнер туындыларына қызығушылығы артқан. Қазір кимешек пен бөрік сұрайтын қариялар да көбейген.

Қазынабай Қабзайқызы, қолөнер шебері:

Ананың ақ жаулығы - киелі ақ жаулық кимешек деп аталады. Мұны енді ерте заманда атамыздың, әжеміздің киіп келген кимешегі. Қол кестемен өрнектеліп, қолөнермен тігіледі.

Тақия кию қазір жас қыздар арасында трендке айналып келеді. Сондықтан бүгінгі көрмеге қатысушылар бас киімнің онға жуық түрін тігіп алып келген. Шараға аудандардағы қолөнер шеберлері де арнайы келіп қатысып жатыр. Олар ұлттық киімдерден бөлек киіз үй жабдықтары мен басқа да бұйымдарды көрмеге шығарып, жұртшылық назарына ұсынды.

Райгүл Серғалиева, өлкетанушы:

Айтырмаған қыздардың үкісі шекесіне қадалатын болған. Айттырылған қыздарға ертеде үкісі ортасына қадалған. Қазір тақияны кім болса сол киіп жатыр,үлкен аналар да киіп жүр. Сондықтан білмеген, ұмыт қалған өнеріміз ғой, соны жаңғырту керек.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу