Шымкентте көлікті экстремалды мәнерлеп жүргізуден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте көлікті экстремалды мәнерлеп жүргізуден жарыс өтті

05.11.2014
Шымкентте көлікті экстремалды мәнерлеп жүргізуден жарыс өтті

Шымкентте алғаш рет көлікті экстремалды мәнерлеп жүргізуден жарыс өтті. «X Racing Fest» фестиваліне жүздеген көрермен жиналды.

8 экстремал өз күштері мен автокөліктерінің мүмкіндіктерін сынауға бел буды.

«Бұл жарысты ұйымдастыру туралы идея өткен жылы туындады. Мен Астана мен Алматыдағы жарыстарға қатыстым. Онда қатысушылар мықты. Сол кезде оңтүстікте де автоспортты дамытып, осындай ауқымдағы жарыстарды өткізу керек деп ойлаған едім», - деді ұйымдастырушы Александр Громов.

«X Racing Fest» фестивалі екі кезең бойынша өтті.

Автошоу бірнеше сағатқа жалғасты. Жүлделі орындардың көбін алматылық қатысушылар жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу